Влад Свар предлагает Вам запомнить сайт «Ваши любимые рецепты»
Вы хотите запомнить сайт «Ваши любимые рецепты»?
Да Нет
×
Прогноз погоды

Последние комментарии

Алина Шелл
В полиэтилене нет формальдегидов. Его формула (-СН2-СН2-)n
Алина Шелл Превосходный рецепт для завтрака: нежный омлет
Татьяна Сергеева
Жанна
Роксолана Харчук
я готовила - очень просто и быстро. только пропитывать долго нужно
Роксолана Харчук ОБАЛДЕННЫЙ ТОРТ "Слоеное полено"
ььььььььььььььььььььььььь
на фото - не "перевертыш"
ььььььььььььььььььььььььь СЛОЕНЫЙ ПИРОГ- ПЕРЕВЕРТЫШ
Куриные котлеты в «конвертах» или "Хитрые" котлеты - сочные и душистые!
12 окт 13, 03:00
+548 184
Яндекс.Метрика
Обсуждаем
Превосходный рецепт для завтрака: нежный омлет
21 авг, 11:38
+2 2
Питательные конвертики из лаваша
17 авг, 23:05
+3 4
ОБАЛДЕННЫЙ ТОРТ "Слоеное полено"
20 авг, 16:32
+9 2
ВХОД НА САЙТ

Щавелевый пирог. Очень вкусный и простой рецепт приготовления пирога со щавелем!

развернуть

Адамзат тарихы өзінің алғашқы даму сатысында-ақ алаяқтың не екенін, онымен аяусыз күресу қажеттігін біліп болған-ды. Содан бері, алаяқтар легі, өкінішке орай, азаюдың орнына, керісінше, көбейген үстіне көбейе түсуде. Олар бізді қалай болса, солай алдап түсіреді – алдауға шамасы келмесе, арбап түсіреді. Бізді қойыңыздаршы, «менмін» деген атқамінер ағаларымыздың өзі жиі-жиі алаяқтардың құрбаны болып, алданып қалатыны жасырын емес. Солардан, шынында да, обал болды! Мәселен, Шымшаһардан шалғайда орналасқан ауданның «халық қалаулырарына» барып: «Мен әкімдеріңді құртып беремін!» деп, ол «байғұстардан» тиын-тебенін сыпырып кетеді. Сыпырғанда да, аз сыпырмайды. Әкімінен құтылуға асыққан оншақты депутат 2000 (екі мың) доллардан (барлығы – 20000 доллардан астам) қаражат жинап береді. Немесе облыс орталығындағы мемлекеттік жоғары оқу орнының ректорының соңына қос қызметкерін салып қойып: «Сен туралы нақты факті түсті, соны, амал жоқ, жазуға мәжбүрміз!» – деп, «шантаж» жасатады. Ректор мырза зәресі қалмай, әлгі алаяқтың тоймас қоржынын толтыра бастайды. Дәл солай прокурор мен судьялар да біртін-біртін алаяқтың айтқанынан шыға алмай әлек болады. Өйткені, бүлдіргені көп – ал, ақиқатты сыртқа шығарғысы келмейді. Сөйтіп, олар жүрген жерде заң да, әділдік те тоқтайды. Бұл туралы көптеген әдеби туындыларда да, күнделікті баспасөз құралдарында да әбден жазыла-жазыла, жауыр болды.

Бірақ, бүгінгі тілге тиек етейін деп отырғанымыз – алаяқтардың жай-күйі емес (олардан бізді Алла сақтасын!), арамызда «адалмын» деп жүрген бір азаматымыздың шалыс қадамдары. Ол азаматтың аты-жөні – Ботабеков Қуанышбек Тасполатұлы, «Әділет ұлттық апталық» газетінің президенті. «Президент» демекші, кезінде көршілес Ресей Федерациясының құрамына кіретін Шешенстанның Басшысы Рамзан Қадыров: «Бір елде – бір Президент болуы керек. Біздің Президентіміз – Владимир Владимирович Путин. Сол себепті, мен Шешенстан Президенті лауазымынан бас тартамын және ол лауазымның күшін жоямын!» – деп, Шешенстан Басшысы болып аталатын болды. Дәл сондай сана, сол дәрежедегі ойлау қабілеті Ботабековте қайдан болсын! Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тайталасайын деді ме, ол жағы бізге беймәлім, – әйтеуір, өзін бір басылымның президенті етіп жариялай салды. Ендігі жерде «лауазым қуған» бұл азаматтың бірқатар тірліктерін паш етейін, ал, сіздер, өз тараптарыңыздан, оның жүріс-тұрыстарының алаяқтыққа сай келе ме, келмей ме – сараптап көріңіздер! Біз болсақ, осы жазылған және алдағы уақытта тоқтаусыз жазылатын жайлар бойынша құқық қорғау органдарына міндетті түрде жүгінетін боламыз – ол жағынан қам жемеңіздер!

Қуанышбек Ботабеков «Әділет БАҚ Медиа» газетінің бас редакторы болып жүрген кезінде «батыл», «шыншыл» «ақиқатты бүкпесіз жариялайды» деген «мақтауларға» ие болып жүрді. Мұндай «батылдықтың», «шыншылдықтың», «бүкпесіз жариялаудың» астарында не барын – бір Аллаға мәлім екенін түсіндірудің қажеті жоқ шығар?! Дегенмен, көптеген жарияланымдары шындыққа сәйкес келмей, облысымыздың бірқатар лауазым иелері оны да, оның басылымын да сотқа беріп, әділдік іздеуге қадам басты. Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихат депутаты Мұқан Егізбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Альбина Елшиева, қарт ардагер, 80-нің сеңгіріне секірген абзал азамат Жәңгір Абибуллаев және басқалары бар. Осы сот процестері барысында Қ.Ботабеков алғашқы жалтару ниетін бірден байқатып қойды. «Редакция пікірі автор көзқарасымен қабыспайды» дегенді алға тартып, көптеген процестерде қаралып жүрген мақалалардың жазбагері ғана жауап беруге тиіс дегенді шығарды. Сөйтіп, өз қызметкерлеріне өзі берген тапсырмасынан бас тартуға көшті. Ал, сотқа берілген мақалалар – автор көзқарасынан құрылған материалдар емес екені қаперінен шығып кеткендей. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының заңнамасынан хабары бар адам, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының Заңында, дәлірек айтқанда, оның 7-ші бабында: «Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді», деп тайға таңба басқандай етіп жазылғанын білу керек емес пе! Яғни, сол уақытта «Әділет БАҚ Медиа» газетіне басшылық еткен оның бас редакторы Қ.Ботабеков газет материалдарының барлығына толық жауапты екені ҚР заңнамасында белгіленіп қойған жоқ па! Қайтпас қайсарлық танытқан кісілер соттан Ботабековті жеңіп шығады, ол жөнінде сот шешімдері қолымызда жинақталып тұр. Дегенмен, басынан бақ тая бастаған Ботабеков, жүрегіне тас пайда болды ма, білмедім, мынаған көшті.

Аталған азаматтар «Әділет БАҚ Медиа» газетінің таптаған ар-намыстарын, қадір-қасиеттерін, іскерлік беделдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғап алу мақсатында сот орындарына жүгінгендерінде, Қ.Ботабеков адал азаматқа тән емес құйтырқы әрекеттерге барып, «Әділет БАҚ Медиа» газетінің, оның меншік иесі, өз атына тіркелген «БАҚ Медиа» ЖШС-нің жұмысын тоқтатуға барынша әрекеттенді. Яғни, жауапкершіліктен құтылуға амал-айла жасады. Заңда көрсетілген нормаларға сүйеніп, «Әділет БАҚ Медиа» газетінің жұмысын тоқтатып, артынша Ботабеков Қуанышбек Тасполатович өз әкесі Ботабеков Тасполаттың атына «Тасс-Media» ЖШС-ін ашып, оны меншік иесі етіп, «Әділет ұлттық апталық» газетін жарыққа шығарды. Міне, «БАҚ»-тың «Тасс»-қа айналу тарихы! 2013 жылы 25 желтоқсанда жарық көрген «Әділет БАҚ Медиа» газетінің №51-52 (159-160) саны мен 2014 жылы 10 қаңтарда жарық көрген «Әділет ұлттық апталық» газетінің №01 (161) санын салыстыра қарасақ, аты шамалы өзгергенімен, заты сол болып қалған газеттердің бір-бірінен айырмашылығы шамалы екені көзге бірден түсіп отыр. Назар аударыңыздар – екеуі де «Әділет» газеті емес: бұрынғы атауы – «Әділет БАҚ Медиа», қазіргі атауы – «Әділет ұлттық апталық» газеті. Яғни, Қуанышбек Ботабеков ешқашан, еш уақытта «Әділет» газетінің бас редакторы болған емес. Ал, енді сіздерге жолдаған ресми хаттарының соңына қолын не деп қойғанын қайта байқап, аңғарып көріңіздер!

Сонымен, әлгі қос газетке қайта оралайық – бұл екі газеттің де бірінші бетінде келтірілген мәліметтер мен дизайнында ұқсастық жетіп артылады. Екеуінде де газет аты ірі әріппен «ӘДІЛЕТ» деп беріліп отыр. Екеуінде де қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының бейнесі мен сөзі келтірілген. Екеуінде де газет сайты: www.adiletgazeti.kz деп көрсетілсе, электрондық поштасы: e-mail: adiletgazeti@mail.ru деп берілген (айтпақшы, Ботабековтың орыс тіліне деген бүйрек бұруының арқасында, электрондық поштаның латын қарпімен болса да, қазақша жазылған adiletgazeti деген сөзі кейіннен таза орысша gazeta_adilet болып өзгере салды). Сонымен қатар, газеттің жарыққа шығу рет саны бір-бірін жалғастырып отырғанын тағы көреміз. «Әділет БАҚ Медиа» газетінің соңғы жарыққа шығуы 160 рет нөмірімен аяқталса, «Әділет ұлттық апталық» газетінің беташар алғашқы саны 161 рет нөмірімен жарық көрген екен.

Енді мына нәрсеге көңіл бөлейік, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының Заңының 15-ші бабында көрсетілген мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында болуға тиiс өзге де мәлiметтерге назар аударатын болсақ, бұқаралық ақпарат құралының атауы бірінде «Әділет БАҚ Медиа» деп көрсетілсе, екіншісінде – «Әділет ұлттық апталық» деп берілген. Екі жағдайда да «Әділет» сөзі біркелкі ірі әріптермен басылса, «БАҚ Медиа» және «Ұлттық апталық» сөздері одан майдарақ қаріппен берілген. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi «Әділет БАҚ Медиа» газетінде – «БАҚ Медиа» ЖШС-і болса, «Әділет ұлттық апталық» газетінде – «Тасс-Media» ЖШС-і деп берілген. Яғни, «БАҚ»-тың орнына «Тасс» пайда болған жері осы.

Енді 2013 жылы 25 желтоқсанда жарыққа шыққан «Әділет БАҚ Медиа» газетінің №51-52 (159-160) және 2014 жылы 10 қаңтарда жарық көрген «Әділет ұлттық апталық» газетінің №01 (161) сандарының соңғы беттерін салыстырсақ, екі газетте де айна-қатесіз бір-бірінен көшірілгендей төмендегі мәліметтерді оқимыз:

Бас редактор Қуанышбек БОТАБЕКОВ

Бас редактордың бірінші орынбасары Әсет ӘССАНДИ

Редакция меңгерушісі Захардин ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ

Жауапты хатшы Аманкелді АҚЫНОВ

Жарнама-жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА

Редакторлар Кеңесінің төрағасы Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН

Дизайнері Әділет БӨГЕН

Меншікті тілшілер:

Құрманғазы ЖҰМАҒҰЛ (Астана қаласы)

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК (Алматы қаласы)

Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ (Мақтаарал ауданы)

Техникалық директор Константин МАРКОВ

Сайтқа жауапты (модератор) Владимир СОКОЛОВ

Мекен-жайымыз: ҚР, ОҚО, Шымкент қаласы, Майлықожа көшесі, 17

Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 539-012

Аптасына бір рет жарық көреді

Газет «ERNUR-print» ЖШС-нің баспаханасында басылды, Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 үй.

Міне, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-ші бабында көрсетілген мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында болуға тиiс мәліметтер осындай. Яғни, құрылымы, мекен-жайы, қызметкерлер құрамы өзгермеген «аты бөлек, заты бір» екі басылымды бір-бірін жалғастырып келе жатқан мирасқоры емес деп кім айта алады? Тіпті, газетке жазылу индексі де еш өзгеріссіз берілген: «Әділет БАҚ Медиа» газетінде де, «Әділет ұлттық апталық» газетінде де жазылу индексі сол қалпы 64334 деп көрсетілсе, «Әділет ұлттық апталық» газеті оған дейін жарық көрген «Әділет БАҚ Медиа» газетінің тікелей мирасқоры екендігін аңғартады. Өйткені, бір-біріне қатысы жоқ екі басылымның жазылу индексі ешуақытта бір-біріне сәйкес келмейді. Дәл осы мәселеге байланысты «Қазпошта» акционерлік қоғамына хабарласқанымызда, олар бізге: «Әділет» газеті жабылған емес», – деп кесіп айтты. Яғни, Қ.Ботабеков тарапынан «Қазпошта» акционерлік қоғамына «Әділет БАҚ Медиа» газетінің, оның меншік иесі, өз атына тіркелген «БАҚ Медиа» ЖШС-нің жұмысы тоқтағандығы туралы ешқандай мәлімет берілмеген сияқты. Сонда мына жақта жабылған газет, ана жақта жабылмаған боп тұр ма, қалай өзі?!

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, генерал И.Имановты аса құрмет тұтанымызды жасырғымыз келмейді. Дегенмен, оңтүстік өңірінің заң қадағалаушы органын басқаратын бұл беделді азаматтың да, оның қарамағындағыларының да мұндай құйтырқылықтарды көрмей отырғанына өз басымыз сенбейміз. Нағыз прокурорлық қырағылық танытатын жер осы емес пе екен, деген түсінбеушілік санамызды билеп отырғанын тағы жасырғымыз келмейді. Әлде, прокурор мырзалардың да іске кірісетін кезі болар ма екен?!

 

PS. Қуанышбек Ботабеков «Әділет БАҚ Медиа» газеті өз жұмысын тоқтатты деген желеумен бұл басылымға қатысты бірқатар сот шешімдерін орындамай жүр. «Әділет ұлттық апталық» газеті «Әділет БАҚ Медиа» газетінің мирасқоры болатын болса, сол мирасқоры бұрынғы басылымның толық жауапкершілігін өз мойнына арту керектігін де заңнамамыз нықтап қойған емес пе! Және, біздің пайымдауымызша, өзін «Әділет ұлттық апталық» газетінің президенті деп жариялауында да бір құйтырқылық жатқан тәрізді. Жоғарыда өзіміз келтіріп кеткен Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-ші бабында: «Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді» деп жазылған. Байқайсыздар ма: «Редакцияға президент басшылық етеді» деп жазылмаған. Яғни, жаңа пайда болған бұл «президент» қандай да болмасын жауапкершіліктен алдын ала өзін арашалап алуға әрекет жасап қойған сияқты.

Қалай ойлайсыз, қадірлі оқырман?

 

(Ә.Ә.)


Опубликовано 16.05.2017 в 17:43

Комментарии

Показать предыдущие комментарии (показано %s из %s)
Александр Карсонов
Александр Карсонов 22 мая, в 18:05 Только-что Привёз из Леса -Щавель! Будем-Готовить по-рецепту ! Спасибо ! Прям в -Тему !... Текст скрыт развернуть
0
Показать новые комментарии
Показаны все комментарии: 1
Комментарии Facebook

Комментарии к фото

ZETA (Гладышева-Ломовицкая)
агеев владимир
Зоя Крючкова
И в перепелиных яйцах есть холестерин,даже больше,чем в куриных.Это точно!!!
Зоя Крючкова Перепелиные яйца
Маруся
Я с полоской маринованного огурчика вместо горбуши сделала. Вкусно!!!
Маруся Перепелиные яйца
Наталья Сорокина
Абсолютно верно,всё также как и у куриных.
Наталья Сорокина Перепелиные яйца
Наталья Юрьевна
Владимир, сайт очень интересный, НННОООО там так много орфографических ошибок!!!
Наталья Юрьевна Перепелиные яйца
Маруся
ZETA (Гладышева-Ломовицкая)
Юрий Щукин
ZETA (Гладышева-Ломовицкая)

--= Новое на сайте =--

ТВОРОЖНО-БАНАНОВЫЙ ДЕСЕРТ

ТВОРОЖНО-БАНАНОВЫЙ ДЕСЕРТ

21 авг, 11:42
0 0
Превосходный рецепт для завт…

Превосходный рецепт для завтрака: нежный омлет

21 авг, 11:38
+2 2
Очень вкусный тортик

Очень вкусный тортик

21 авг, 11:35
+1 1
СЛОЕНЫЙ ПИРОГ- ПЕРЕВЕРТЫШ

СЛОЕНЫЙ ПИРОГ- ПЕРЕВЕРТЫШ

20 авг, 16:38
0 1
Чебуреки на заварном тесте.

Чебуреки на заварном тесте.

20 авг, 16:37
+4 1
ОБАЛДЕННЫЙ ТОРТ "Слоеное полено"

ОБАЛДЕННЫЙ ТОРТ "Слоеное полено"

20 авг, 16:32
+9 2
Желейный торт из киви и сметаны

Желейный торт из киви и сметаны

20 авг, 16:29
+3 1
ВКУСНЫЕ ПЕРВЫЕ БЛЮДА, 10 кру…

ВКУСНЫЕ ПЕРВЫЕ БЛЮДА, 10 крутых рецептов

19 авг, 23:10
+13 3
Загадочный пушистый пирог бе…

Загадочный пушистый пирог без возни с Секретным Ингредиентом

19 авг, 11:06
+1 1
Праздничная закуска! Виноград в сыре

Праздничная закуска! Виноград в сыре

19 авг, 11:02
+1 1
Вкуснейшая аджика на зиму

Вкуснейшая аджика на зиму

19 авг, 10:48
+1 4
Шарлотка

Шарлотка

19 авг, 10:31
+6 1
Заморозка баклажанов на зиму

Заморозка баклажанов на зиму

19 авг, 10:17
0 0
Маринованные баклажаны "Нежные"

Маринованные баклажаны "Нежные"

19 авг, 10:14
+13 2
Самая Классная закуска из ка…

Самая Классная закуска из капусты, съедается моментально

19 авг, 10:12
+18 3
Лимонный мусс

Лимонный мусс

18 авг, 22:40
0 0
Узбекский лагман

Узбекский лагман

18 авг, 22:38
+1 1
Пышные беляши на молоке и дрожжах

Пышные беляши на молоке и дрожжах

18 авг, 22:36
+5 2
Готовим лимонный пирог

Готовим лимонный пирог

18 авг, 22:34
+4 2
Шоколадно-вишнёвый кекс

Шоколадно-вишнёвый кекс

18 авг, 22:26
0 0
Кабачковый торт с сыром

Кабачковый торт с сыром

17 авг, 23:13
+8 1